Денсаулық сақтау шебінде – ақпараттық технология

Фото: Truthdig
258 қаралу саны

Сіз 2018 жылдан бастап мемлекеттік тапсырмамен жұмыс істейтін барлық емханалар мен ауруханалар жұмысты 100 пайыз ақпараттық жүйеге көшіруге міндетті екенін білесіз бе? Олар сондықтан да денсаулық сақтау ісінде қағаздағы есепті толық жоюлары тиіс.

Мұның қажеттілігі әсіресе КВИ карантині кезінде ерекше біліне бастады. Осы мерзімде электрондық құжат айналымына көшуге түпкілікті шешім қабылданды. Кейбір медициналық қызметкерлер қашық форматтағы жұмыс режиміне көшті.

Осы және басқа сұрақтарға вебинар форматында өткен семинардың спикерлері: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ұлттық акционерлік қоғамының ақпараттандыру жөніндегі басқарушы директоры Нұрбол Темірханұлы Жұмаділдә, ҚР ДСМ ақпараттандыру департаментінің директоры Бейбіт Сәлімұлы Есенбаев және ҚР ДСМ республикалық электронды сатып алу орталығының денсаулық сақтауды ақпараттандыру департаментінің директоры Асқар Мұхтарұлы Арғынбаев жауап берді. Олар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне еліміздің міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшуіне байланысты цифрлық денсаулық сақтау саласының қаншалықты өскенін және бұл бағытта қандай жаңалықтар енгізілгенін жан-жақты әңгімелеп берді.

МӘМС вебинарын мына жерден қараңыздар:

Ары қарай оқу:



Кнопка домой

Бөлісіңіз