Диабеті бар пациенттерге жадынама

8  983 қаралу саны

1) Қолды мұқият және үнемі жуыңыз.

2) Қолыңыз судан құрғағанша бетіңізге тимеуге тырысыңыз.

3) Жиі жанасатын заттарды тазалаңыз және дезинфекциялаңыз.

4) Жеке ыдыс-аяқ, стақан, сүлгі, құралдарды және т.б. пайдаланыңыз.

5)Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды және мұрынды майлықпен жабыңыз және егер сізде майлық болмаса, шынтақты бүгіп ауыз бен мұрынды жабыңыз (оны қолданғаннан кейін тиісті орынға тастаңыз).

6) Респираторлық аурулардың симптомдары білінген, мысалы жөтелген адамдармен байланыста болудан аулақ болуға тырысыңыз.

7) Егер сіз тұмауға ұқсас симптомдармен ауыратын болсаңыз, үйде болыңыз.

Егер сізде диабет болса:

  • Ауру жағдайына әрдайым дайын болыңыз.
  • Глюкоза мөлшерін бақылауда ұстаңыз.
  • Сізде ЖРВИ белгілері байқалса (жоғары температура, жөтел, тыныс алу қиындаса), дәрігермен кеңесіңіз. Егер қақырықпен жөтелсеңіз, бұл инфекцияның бар екендігін көрсетуі мүмкін, сондықтан дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
  • Кез келген инфекция глюкоза деңгейін көтереді, сұйықтық қажеттілігін арттырады, сондықтан сізге су қоры жеткілікті екенін анықтап алыңыз.
  • Қажетті дәрілердің жеткілікті мөлшері бар екеніне көз жеткізіңіз.
  • Үйдегі азық-түлік мөлшерін есепке алыңыз.
  • Қандағы глюкоза деңгейі күрт түсіп кетсе, жағдайды түзете алатындығыңызға көз жеткізіңіз.
  • Егер сіз жалғыз тұрсаңыз, сенімді, сіздің жағдайыңыздан хабардар адамның барына көз жеткізіңіз. Қажет жағдайда ол сізге көмектесе алуы керек.
  • Шаршамауға тырысыңыз, түнде жақсы ұйықтап, күн тәртібін сақтаңыз.
  • Дұрыс тамақтану – диабетті емдеудің маңызды компоненті. Иммундық жүйені нығайту үшін әртүрлі және теңдестірілген тағамдарды жеу маңызды.

Мамандардың ұсынымдары:

  • төмен гликемиялық индексі бар өнімдерді (мысалы, көкөністер, қарақұмық, жасымық, цитрустар және алма) тұтыныңыз;
  • қуырылған тағамды шамадан тыс жемеңіз;
  • құрамында қант, көмірсу және май көп болатын азық-түлікті тұтынуды шектеңіз;
  • майсыз ақуыздарды таңдаңыз (балық, ет, жұмыртқа, сүт, толық пісірген бұршақ);
  • жасыл, жапырақты көкөністерді жеңіз;
  • жемістерді екі немесе үш порциямен жеңіз;

Тұрақты дене белсенділігі жалпы халық үшін және қант диабетімен өмір сүретін адамдар үшін өте пайдалы.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО

Бөлісіңіз