Диляра Қайдарова: Скрининг ісік ауруларын ерте анықтауға септігін тигізеді

233 қаралу саны

Қазақ онкология және радиология институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова ағзаны скринингтен өткізуге қанша күн кететіндігін айтты.

«Бүкіл қоғамымыз үшін скрининг мәселесі өте маңызды болып қала береді. Олар ісік ауруларын ерте анықтауға септігін тигізеді. Бұған қоса, скрининг барысында обырдан бөлек қант диабеті, қан қысымы, гипертония сынды аурулар анықталып жатады. Сондықтан скринингтен өтуге нақты бір уақытта белгілеу өте маңызды. Мұны жұмыс берушілерге де айтып жатырмыз» деді ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Instagram парақшасында өткен онлайн брифингте.

Осы орайда институт басшысы скринингтен өтуге қанша уақыт кететіндігін де айтып берді. «Бұл скринингтерді өтіп шығуға 2 күн жеткілікті деп ойлаймыз. Оған холестеринді, қантты, қан қысымын өлшеу және біздің онкологиялық скринингтер кіреді. 2018 жылдан бері онкология бойынша скрининг әдістерін өзгерттік. Бұл скринингтен өту үшін жұмыс беруші екі күн беруі тиіс. Меніңше, жұмыс беруші жұмысшысына 2 күн береді деп ойлаймын. Бұл өте маңызды. Себебі, онкологиялық ауруға шалдыққандар саны артып келеді. Бізде өлім-жітім рейтингінде бірінші орында жүрек-қан тамыр аурулары, екінші орында жол-көлік оқиғалары, үшінші орында онкология тұр» деді Диляра Қайдарова.

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы

Бөлісіңіз