Диляра Қайдарова: Қазақстанда күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады

40  533 қаралу саны

Онкология институтының жетекшісі Диляра Қайдарова жарты сағаттық онлайн-презентацияда адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы ерікті егудің маңыздылығы туралы айтты. Ең жаманы, көп әйелдер қауіпті аурудан қорғауға болатын жоғары сапалы вакциналардың бар екенін кеш біледі.

Диляра Қайдарова қатерлі ісік ауруының алдын алудағы белсенді ұстанымымен танымал. Ол көпшілік алдында сөйлеген сөздерімен адамдарға сүт безі, жатыр мойны обыры, колоректальды қатерлі ісік аурулары бойынша профилактикалық тексерулерден бас тартпауға шақырады.

Онколог-дәрігер әйел денсаулығының ең қауіпті жауы болып табылатын адам папиллома вирусын (АПВ) жеңуге мүмкіндік берген медицина ғылымындағы айтарлықтай жетістіктерді атап өтті. Бұл қарапайым және өте төзімді вирус әйелді тек ана болу қуанышынан ғана емес, өмірден де айыра алатын ісікке әкеледі.

Бұл аурудың қаупі туралы айта келе, Диляра аталмыш диагнозды онкология саласындағы 28 жыл жұмысында күн сайын қадағалап отыратынын атап өтті.

Соңғы жылдары ауру жастардың арасында да кездесуде: бұдан 20 жыл бұрын онкологиялық диспансерге 60 және одан жоғары жастағы әйелдер келсе, қазір дәрігерлер тіпті 25 жастағы әйелдерге қорқынышты диагноз қоюға мәжбүр!

Алайда, онкологиялық аурулардың көптеген түрлерінің ішінде жатыр мойны обыры – бұл алдын-ала және тіпті екінші ретте де алдын-алуға болатын ауру.

Бұл жерде әңгіме скрининг туралы болып отыр: жылына кемінде бір рет кез-келген ересек әйел жүйелі тестілеуден өтуі керек. Диляра өз сөзінде скрининг Қазақстанда 2008 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын еске салды. Қазірдің өзінде, карантин жағдайында кез-келген әйел онкоцитологиялық сынақтан өту үшін клиникамен келісе алады. Бұл тегін жүргізіледі.

Неліктен вакцинация маңызды?

Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын-алудың екінші және маңызды жолы адам папиллома вирусына қарсы тегін және ерікті егу болып табылады. Біздің азаматтарымыздың кейбір сыңаржақ пікірлерін білетін Диляра вакциналардың сапасына ерекше назар аударды: Қазақстан препараттарды бүкіл әлемде беделді екі сенімді компания –  француздық Glaxo Smith Klein Scientific және американдық Merck & Co. Inc фирмаларынан сатып алады.

Бұл препараттардың ең үлкен тиімділігі жасөспірім қыздар мен 26 жасқа дейінгі қыздарды вакцинациялау кезінде байқалады, яғни алғашқы жыныстық тәжірибені алғанға дейін. Бұл жағдайда алынған иммунитет болашақ қауіптерді болдырмаудың сенімді кепілі болып табылады.

Диляра Қайдарова жатыр мойны обырымен ауыратын онкологиялық орталық пациенттерінің сөздерін еске түсіреді және енді олар АПВ-ға қарсы вакцинациялау мүмкіндігі туралы білмегендеріне қатты өкінеді. Мүмкін, осы жағдайдан кейін болар, қазақстандық бас онколог-дәрігер азаматтарды қорқынышты тағдырдан қорғаудың қарапайым және еркін әдісін қайта-қайта еске салады.

Онлайн-презентацияның толық нұсқасын сілтемеден қараңыз.

Сурет: CNN

Ары қарай оқу:


Кнопка домой
Бөлісіңіз