Дорит Нитцан: Қайта есептеу барысында өсім күрт артады, алайда бұл елде COVID-19 жұқтыру жағдайы артып кеткенін білдірмейді

192 қаралу саны

ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Нитцан вируспен күресте әлі босаңсуға болмайтынын мәлімдеді. ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Нитцан Қазақстандағы COVID-19 бен пневмонияның біріктірілген статистикасы туралы пікір білдірді.

«Пациенттің COVID-19 ауруына немесе басқа сырқатқа шалдыққанын анықтауда бұл маңызды қадам. Қайта классификациялау COVID-19 жағдайларының өскенін көрсетеді. Қайта есептеу барысында өсім күрт артады. Алайда бұл елде COVID-19 жұқтыру жағдайы артып кеткенін білдірмейді», – деді деді Дорит Нитцан ОКҚ алаңы арқылы онлайн байланысқа шыға отырып. Дорит Нитцан әзірге жұмысты әлсіретпеу керектігін атап өтті. «Вирус таралып барады. Тоқтата алатын бәрінің де көмегі керек. Барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылым, медицина қызметкерлері, азаматтық қоғам – бәрі көмектесуі тиіс» деді ол.

«Қазақстандағы COVID-19 бойынша жағдай жақсаруда. Жұқтыру жағдайлардың үштен бірі соңғы аптада тіркелгеніне қарамастан, төмендеу байқалады. Мемлекет бірқатар санитарлық шараларды әзірлеп жатыр. Сонымен қатар науқастарды емдеу және аурухананың жағдайындағы инфекцияны бақылау шараларын жетілдіруде. Әсіресе, Қазақстан пневмониясы жоқ пациенттерді COVID-19 бойынша ДДСҰ зертханаларында тестілеуге келісті. Осыған ұқсас жағдайларда барлық елге осы жұмыс әдісін қолдануға кеңес береміз» деді онлайн байланысқа шыққан Дорит Нитцан ОКҚ алаңы арқылы.

Дереккөз: ОКҚ тікелей эфирі

Бөлісіңіз