Денсаулық сақтау жүйесін қайта құру – COVID-19 індетімен күресудің маңызды шарты

Фото дереккөз: Official W5 Денсаулық сақтау жүйесін қайта құру – COVID-19 індетімен күресудің маңызды шарты
227 қаралу саны

COVID-19 брифингінде ДДСҰ Бас директорының көмекшісі, доктор Брюс Эйлвард коронавирустық індет денсаулықтың ең тұрақты жүйелерінің өзіне қауіп төндіретінін барлық мемлекеттер мойындауы керек екенін атап өтті. Сондықтан да Брюс Эйлвард кез келген ел денсаулық сақтау саласын толықтай қайта құру мәселенін қарастыруы өте маңызды екендігіне баса назар аударды.

Доктор Эйлвард жақында Испаниядан оралды, онда ол COVID-19-ның елде тез таралуын зерттеу жөніндегі миссияны басқарды, ұлттық және халықаралық деңгейде әрекет ету шараларына кеңес берді. Миссия барысында доктор Эйлвард Испанияның астанасы мен басқа үш аймағын аралады. Миссия түрлі медициналық мекемелерді аралауды да қамтыды.

Ауру деңгейі

Доктор Эйлвард COVID-19 туралы айта келе бірнеше күннің ішінде Испанияда болған сияқты инфекцияның таралуы орасан зор масштабқа ие болуы мүмкін екенін айтты. Мұндай жағдайлардың күрт өсуі денсаулық сақтаудың ең алдыңғы қатарлы жүйелеріне де қауіп төндіруі мүмкін.

Осыған байланысты Испаниядағы медицина мамандары қиын жағдайда тынымсыз жұмыс істеуге мәжбүр болды. Сондықтан үкімет тиісті шаралар қабылдауға және қатаң карантин енгізуге шешім қабылдады. Бұл Испанияда аурудың таралуын баяулатуға және денсаулық сақтау жүйесін қайта құру ісінде уақыт ұтуға мүмкіндік берді.

Карантин – мүмкіндік терезесі

Доктор Эйлвард карантин вирустың таралуын азайту үшін қажетті шара болғанына қарамастан оны толығымен тоқтата алмайтынын айтты. Біріншіден, елдер бұл мүмкіндікті коронавирус сынамаларын мүмкіндігінше көп өткізу үшін пайдалануы керек. Сонымен қатар, расталған COVID-19 бар пациенттерді оқшаулау, олармен байланыста болғандарды да бақылау және оқшаулау маңызды екенін тілге тиек етті.

Доктор Эйлвард елдер мен үкіметтер шектеулерді кезең-кезеңімен бақыланатын жеңілдетуге дайындалу үшін қазіргі карантиндік шараларды «мүмкіндіктер терезесі» ретінде қарастыруы керек деп атап өтті.

Көптеген Еуропа елдерінде коронавирус пандемиясының шыңы болғанын, ал басқалары инфекцияның таралуының келесі сатысына көшуге дайындалып жатқанын ескере отырып, үкіметтер мен денсаулық сақтау жүйелері аурудың ықтималды өсуі жағдайында кептелістердің алдын алу үшін әлеуетін арттыруды жалғастыруы қажет.

COVID-19 бар науқастар

Испаниядағы бірқатар медициналық мекемелерді аралағаннан кейін Доктор Эйлвард ауруханаға жатқызылған 60 жастан асқан адамдар болғанына қарамастан, реанимация бөлімшелерінде көптеген жастар бар деп қорытындылады. ДДСҰ бас директорының көмекшісі реанимация бөліміне жатқызылған науқастар ол жерде үш аптаға жуық уақытты өткізетінін атап өтті. Аурудан кейін оңалту процесі ұзақ уақытты алады.

Доктор Эйлвард пациенттерді госпитализациялау процесінде үкіметтің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, осы саладағы мүмкін болатын кедергілерге назар аударуға шақырды. Бәрінен бұрын бүкіл әлемде вентиляторлар мен реанимация бөлімшелеріндегі орын жетіспеушілігі мәселесін шешу қажет.

Брифинг барысында доктор Эйлвард күш-жігері қазіргі кездегі ең ауыр денсаулық мәселелерін шешуге бағытталған майдангер медицина қызметкерлерінің ерлігін атап өтті.

Дереккөз: euro.who.int
Фото дереккөз: Official W5

Бөлісіңіз