«ДСМ хабарлайды» бағдарламасының бүгінгі қонағы не айтты?

315 қаралу саны

Біздің сайтымыздың оқырмандары «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды» бағдарламасында болған кешегі әңгімені жақсы біледі. Ол хабарда спикер болған ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосовтың пікірлерін жазбаша берген болатынбыз.

Бүгін, 14 мамырда бағдарламаның тағы бір хабары тікелей эфирде өтті. Хабардың бүгінгі қонағы болған Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева Қазақстанның COVID-2019 ауруымен жүргізіп жатқан күресіне баға берді. Біз кейбір мәселелерді қысқартып беріп отырмыз.

1.Коронавирустың кең таралуын тоқтата білдік

Қандай мәселе туындасын, біз салыстырмалы түрде қараймыз. Басқа елдерге қарағанда Қазақстандағы көрсеткіш әлдеқайда жақсы. Біріншіден, Үкіметтен бастап қарапайым азаматтарға дейін бұл іске атсалысты. Бұл –жұмыла істеген жұмыстың нәтижесі. Алдын алу шаралары қабылданды. Бір-екі күнді ұтқанның арқасында бұл вирустың тізгіндей алдық. Дәрігерлер мен эпидемиологтер, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың кең таралуын тоқтатты.   

2.Карантин тәртібі қазақстандықтарға нені үйретті?

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы мұндай індетпен бірінші рет бетпе-бет келді. Коронавирустың ішіне бірнеше штамм кіреді. Мысалы, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур елдерінде 2000 жылдардан бері әртүрлі штаммдары кездесті. Содан бері коронавирустың бұл штамдарынан қаншама адам қайтыс болып кетті. Сондықтан ондағы адамдар індетке тез үйреніп алған. Пандемия басталды деген кезде жылдам оқшауланып, қорғаныс шектеулерін ұстана білді.


Қазақстанда вакцинаны тексерудің алты кезеңі

Арнұр Нұртаев: Қазір қоғамда вакцинаға қатысты әртүрлі пікір бар. Қарсы тараптардың бірі «мен екпеге қарсы емеспін, бірақ олар сапалы болуы керек» дегенді алға тартады…

Фото дереккөзi: Chicago Tribune

Біздің ел де осындай шараларды қолдана білгенін атап өту керек. Қазақстанда коронавирус тіркелмей жатып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары өте жіті жүргізілді. Халық білді. Көбі қорғаныс шараларын қабылдап, қазір де бетперде тағып, бір-біріне аса жақындай қоймайды. Халықтың дұрыс көзқарасы қалыптасты. Осының бәрінің арқасында коронавирустың көз жұмған адамдардың саны басқа елдерге қарағанда төмендеу болып отыр.

3.Коронавирус немқұрайлылықты көтермейді

Кейбір адамдардың «коронавирусты жалған» деп сенбейді. Коронавирустан осы уақытқа дейін көз жұмған адамдардың кейбірі тойға барып, жүріп қалған. Артынша ол адамдар бірталай кісіге жұқтырды. Қазір де ондай жағдай бар. Шетелден келіп жатқан азаматтар да аз емес. Кейбірі қауіпсіздік шараларын қабылдады. Кейбір жағдайда мүлдем басқаша, мәселен Қызылордада азаматтардың бірі Мәскеуден ұшып келіп, ертеңінде үйіне қонақ шақырып бәріне вирус жұқтырған.

Індетке қатысты адамдар әртүрлі көзқараста. Бірақ бұл инфекция жұқпалы екенін, көпке зиянымызды тигізіп алуымыз мүмкін екеніне көзіміз жетіп отыр. Сондықтан да алдағы уақытта гигиена сақтау керек. Түшкіру мен жөтелудің мәдениетін үйреніп, маска тағып, қолды жуып, бетті жиі ұстай бермеудің арқасында коронавирустан сақтана аламыз.

4.Әр адам коронавирус бойынша өз статусын білуі тиіс

Қазір Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін адамдардың бәрі де қуанып, жұмысқа шыққандарына тәубе айтып, шаттанып жатыр. Кейбірінің «жұмыс күнін – мерекеден кем күткен жоқпыз» дегенін де естіп қалдық. Әлбетте олар енді 18 мамырдан бастап ашылатын дәмханаларда бас қосады. Алайда, біз бұл ретте қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек. Барынша өзіңіз жақсы білетін, вирус жұқтырмағанына сенімді азаматтармен кездескен абзал. Әр адам коронавирус бойынша өз статусын білуі тиіс.

Қазір адамдардың алдында нақты өзіндік шешім тұр: азамат ауырғысы келе ме – бей-жай жүре берсін, сақтанғысы келе ме – қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Қазірге дейін біздің елімізде клиникалы хаттаманың жетеуі қабылданды. Неліктен хаттама жиі өзгере береді? Қазақстанда ғана емес, бүкіл елде осылай. Себебі біз бұл инфекциямен бірінші рет бетпе-бет келіп отырмыз.

5.Мәселенің мәнісі

Ультракүлгінді сәулелер патогенді вирустар мен бактериялардың көбін өлтіреді. Яғни, сөзсіз күннің ысуының жағымды әсері мол. Жылы ауа райының өзі де адамдарға жайлы әсер етеді. Адамдар көшеге шығады, таза ауамен демалып, төрт қабырғаға қамалып отырмайды. Есік пен терезе ашылып, бөлме желдетіледі. Мұның бәрі жақсы.

Бұл ретте басты шарттардың бірі – әлеуметтік қашықтықты сақтау, барынша 1-2 метр аралықта жүру. Вирус адамдардың жоғары тыныс алу жолдары арқылы таралатынын түсіну керек. Себебі, ол жерге ультракүлгінді сәуле жете алмайды. Мәселенің мәнісі осында. Біздің міндет – осы вирустың таралуына жол бермеу.

Дереккөз: «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды» бағдарламасы


Сіз 1430.kz қызметін пайдаланып көрдіңіз бе?

1430.kz сайтына кіріп, қажетті маманды таңдайсыз. Кез келген өңірден хабарласуға болады және маманнан консультация алу үшін өзіңізге қолайлы уақытты белгілейсіз.

Фото дереккөзi: Adobe Stock

Кнопка домой



Бөлісіңіз