ДСМ медициналық деректерді бір платформадағы орталықтандырылған жүйеде сақтамақ

ДСМ медициналық деректерді бір платформадағы орталықтандырылған жүйеде сақтамақ
347 қаралу саны

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев «Цифрлық денсаулық сақтау кеңістігінде объектілік сәйкестендіргішті беру туралы» ережені бекітті, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш құжат медициналық ақпараттық жүйелер өзара коммуникация кезінде алмасатын ақпараттың мағынасын бірдей түсінуді қамтамасыз етеді. Айта кетерлігі, объектілік сәйкестендіргіш – бұл объектілерді әлемдік мекенжай кеңістігінде сәйкестендіретін ақпараттық жүйенің объектісімен байланысты цифрлардың бірегей жиынтығы.

Ереже Денсаулық сақтау министрлігінің объектілерін ISO 9834 халықаралық стандартының талаптарына сай тіркеудің иерархиялық құрылымын, атап айтқанда, объектілік сәйкестендіргішті тіркеу, жүргізу, пайдалану рәсімін реттейді. Ұсынылған жаңа ереже бір платформада медициналық деректерді бірыңғай орталықтандырылған жүйеде сақтауға мүмкіндік береді. Яғни, бұл үлкен деректерді қосымша өңдеусіз алмасуға жол ашады.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады: gov.kz

Дереккөз: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Фото дереккөзі: Qoldasy.kz

Бөлісіңіз