Ел астанасында тегін экспресс-тестінен қалай өтуге болады?

Фото дереккөз: https://kapital.kz/2907dc56202bffcf2fe542b4d59c503a/c/1440/816/5a5dadde47e243b084920a029d7f9e74.jpg
27  419 қаралу саны

COVID-19 тегін экспресс-тестін тапсыруға арналған өтінімді Smart Astana қосымшасында толтыруға болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Telegram-дағы парақшасында мәлім етті.

«Ол үшін не істеу керек? Біріншіден, сіз Smart Astana мобильді қосымшасындағы «Медицина» бөлімінде сауалнаманы толтыруыңыз керек: «COVID-19 тестіне тіркелу». Екіншіден, Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары азаматтарды белгілі бір көрсеткіштер бойынша іріктейді» деп жазды М. Бектұрова.

Осыдан кейінгі үшінші сатыда өтінім расталуын күту керек. «Төртіншісі – «КДЛ ОЛИМП» операторлары сізге қоңырау шалып, емдеу бөлмесіне бару уақыты, орны мен күнін жоспарлайды. Айтпақшы, сізге бетперде киіп, жеке куәлікпен кіру керек, өйткені кіру тек тағайындалған кезде болады. Бесіншіден, талдау нәтижесі сіз сауалнамада көрсеткен электрондық поштаңызға жіберіледі» деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары.

Фото дереккөз: kapital.kz

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз