Елбасы: Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға ең алғашқылардың бірі болып кірісті

Елбасы: Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға ең алғашқылардың бірі болып кірісті
147 қаралу саны

Кеше қазақстандықтар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирустың қазіргі жағдайы туралы мақала жариялайтын жоспарын білген болатын. Бұл туралы Елбасы Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен әңгіме кезінде еске салған еді.Тұңғыш Президенттің жолдауынан шағын үзінді беріп отырмыз.

Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған мақаласында осылай деп мәлімдеді.

«Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн»  деп атап өтті Елбасы мақаласында.

Фото сілтемесі: saigez.kz

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз