Елімізде сериялық медициналық препараттарға бақылау қалай жүргізіледі?

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп сериялық медициналық препараттарға бақылау қалай жүргізілетінін айтып берді.
359 қаралу саны

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп сериялық медициналық препараттарға бақылау қалай жүргізілетінін айтып берді.

«Кейінгі бірнеше жылдың ішінде сериялық дәрі-дәрмек пен медициналық препараттар бойынша едәуір алға қадам бастық. Жағдайды бақылау үшін әлбетте көп адам керек. Ақша айналымы 256 млрд теңге, тауар тізімі 180-ге жеткен кезде компаниядағы 100 адамға мәселені бақылау әсте оңай емес. Міне сол себепті электронды фармацевтикалық ақпараттық жүйені іске қосқан болатынбыз. Өнімдердің 60 пайызы цифрландырылды. Карантин режимі бізге әсер еткен жоқ. Себебі, құжат айналымдарының бәрі де электронды түрде жүргізіледі. Қызметкерлер үйінде жұмыс істей береді. Жеткізушіден дәріні алған кезде ол препараттың сериясы, стандартты маркасы болады. Осы сериялардың көмегімен дәрі-дәрмектің қандай сериясының қоймамызға түскенін, қандай серияның аймақтарға жөнелтілгенін, медициналық ұйымға қайсысының берілгенін көріп отырамыз. Бүкіл процесті бақылауда ұстаймыз» деді «СК-Фармация» басшысы.

Компания басшысының айтуына қарағанда, қазір медикаменттің қаптамасының есепке тіркелуін қадағалайтын механизмді іске қосу жоспарланып отыр. «Серия дәрі-дәрмектің 100 қаптамасынан тұруы мүмкін. Біз қадағалау механизмін іске қосуға қатысты, нақтырақ айтқанда әр қаптама кімге берілгенін біліп отыру үшін нақты сол қаптамаларды тіркеу мәселесін көтеріп отырмыз. Мәселен, зауыт 1 млн қаптама шығарды делік. Оның 100 мыңы Қазақстанға жетуі мүмкін. Әр қаптаманың өз нөмірі бар. Мәліметтердің бәрін жүйеге енгіземіз де, жүйе арқылы препарат қаптамасы кімге берілгенін көріп отырамыз. Егер алдағы уақытта дәрі екінші мәрте сатылып кетсе, тауардың қай пациентке берілгенін де біле аламыз. Бұл өте тиімді болады» деді Берік Шәріп.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Берік Шәріп сонымен қатар 2018 жылы электронды сатып алу механизмі іске қосылғанын еске салды. «Басшы ретінде жұмысты ашық жүргізу керек деп есептеймін. 2018 жылдың мамырында электронды порталдың жұмысын жолға қойдық. Сатып алудың бәрі осы портал арқылы жүргізілген еді. Мүдделердің тартысы көп. Себебі, жеткізушілер бағаны өсіріп жеткізгісі келеді. Біздің міндет – арзан бағаға сатып алу. Осыны ескере отырып, жеткізушілер бәсекелесе алатындай ақпараттық алаң жасадық. Бұл амал тиімділігін көрсетті. 2018 жылы 26,5 млрд теңгені, 2019 жылы 22,1 млрд теңгені үнемдеп қалдық. 25 компаниямен тікелей серіктесе жұмыс істейміз. Аукционды бастаған кезде бес-алты компанияның арасында бәсеке қызу болғандықтан баға едәуір төмендейді. Осындай тәртіппен 115 операция жүргіздік» деді Берік Шәріп.


Дереккөз: Facebook

Фото: Depositphotos

Кнопка домой
Бөлісіңіз