Елизавета II Covid-19 індетіне қарсы күреске үлес қосқан 100 жастағы ардагерге «сері» атағын берді

227 қаралу саны

Ұлыбританияның Патшайымы Елизавета II Ұлттық денсаулық сақтау қызметі үшін 32 млн фунт стерлинг жинаған Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагер Том Мурды рыцарьлыққа көтерді, деп хабарлайды корольдік отбасының сайты.

«Бүгін сэр капитан Том Мурдың қаражат жинау бойынша жетістігі рыцарьлық атақпен аталып өтті» делінген ресми хабарламада. Рыцарьлыққа көтеру Виндзор қамалында болды. Онда Том Мурдың бүкіл отбасы мүшелері шақырылды. 100 жасына бір ай бұрынғы сәуір айының басында Том Мур Tom’s 100th Birthday Walk For The NHS қайырымдылық акциясын бастаған еді.

Ардагер коронавируспен күресте Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметіне қаражат жинау үшін үйдің бағын 100 рет айналып шығуға уәде берген. Акция халық пен танымал адамдардың қолдауына ие болды. Осылайша азаматтар 32 млн фунт стергинг (41 млн доллар) жинап берді.

Том Мур 1920 жылы Ұлыбританияның Уэст-Йоркшир графтығында дүниеге келген. Үндістан мен Бирмада әскери қызметін өтеген. 1945 жылы ағылшын-үнді және жапон әскері арасындағы Рамри аралындағы соғысқа қатысқан. Еліне оралғаннан кейін танк мектебінде нұсқаушы болып еңбек еткен.

Дереккөз: корольдік отбасының сайты.

Бөлісіңіз