Елордада COVID-19 жұқтырған аналар 11 сау нәрестені дүниеге әкелді

280 қаралу саны

Бүгін, 9 маусымда Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова Қазақстан астанасындағы коронавирус инфекциясына қатысты қазіргі жағдай туралы айтты.

«Нұр-Сұлтанда коронавирустық індет басталғаннан бері 2520 адам вирус жұқтырып, 1621 адам немесе 64%-ы емделіп, емханалардан шығарылды. Жақсы жаңалықтың бірі – COVID-19 жұқтырған аналар 11 сау нәрестені дүниеге әкелді» деді С.Қисықова.

Ол 3 маусымнан бастап Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес симптоматикалық және асимптоматикалық науқастарға бөлу кезінде медициналық бақылау жүргізу тактикасы өзгергенін еске салды. «Асқынулардың алдын алу және уақтылы медициналық көмекті ұйымдастыру үшін симптомдары бар науқастарға көбірек көңіл бөлу керек. Аурудың асимптоматикалық ағымы бар адамдар назардан тыс қалмайды. Оларды үй карантині жағдайында аумақтық емханалар бақылап отырады, қанның оттегімен қанығу деңгейін өлшеу үшін импульстік оксиметрлермен қамтамасыз етіледі, күнделікті қоңыраулар жасалады» деді С.Қисықова.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғаны зертханамен расталған адамдар санының өсуі байқалады. «Бұл бүгінде қалада ПТР диагностикасын жүргізетін жеті зертхана жұмыс жасап жатқанына байланысты. Күніне 4-тен 5 мыңға дейін тест өткізіледі. Тиісінше, анықтау мүмкіндігі артып келеді. КВИ бар адамдар арасында аурудың 60-70% -ы асимптоматикалық болып табылатындығын атап өткім келеді» деді Сәуле Қисықова.

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы қала әкімдігі күн сайын жұмысы қайта жаңғыртылған нысандарға күнделікті мониторинг жүргізетінін және кәсіпкерлік субъектілерімен, олардың басшыларымен түсіндіру жүргізіліп жатқандығын еске салды. Талаптарды бұзғаны үшін мұндай кәсіпорындардың қызметі тоқтатылады. Сонымен қатар С.Қисықова елорда тұрғындарын карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Дереккөз:astana.gov.kz

Бөлісіңіз