Елордада фитнес клуб, СПА салон, косметика кабинеттерінің жұмыс істеуіне тыйым салынды

275 қаралу саны

Елордада карантин аяқталғанға дейін фитнес клуб, СПА салон, косметика кабинеттерінің жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында жазылды.

Қаулыда айтылғандай, ұлттық құрама командаларын Олимпиадалық және паралимпиадалық ойындарға даярлау үшін пайдалану кезеңінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Түнгі клубтардың, фитнес-клубтар мен залдардың, жаттығу залдарының, СПА-салондардың, массаж кабинеттерінің, косметология кабинеттерінің, клиникалар мен орталықтардың, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының, компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің қызметіне тыйым салынады» делінген құжатта.

Дереккөз: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің сайты

Ары қарай оқу:

Кнопка домой
Бөлісіңіз