Елордада жедел жәрдемге қосымша өтінім беру арнасы іске қосылды

222 қаралу саны

Елордада жедел жәрдемге қосымша өтінім беру арнасы іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

«Жедел жәрдем колл-орталығына байланыс жүктемесінің жоғарылауын ескере отырып, қосымша өтінім беру арнасы іске қосылды: бұл – bot @ns103bot. Ботты пайдаланып, жедел жәрдем шақырта аласыз. Боттың барлық сұрақтарына жауап бере отырып, өзіңіздің ЖСН, сонымен бірге тұрғылықты мекенжайыңызды көрсете отырып, сіздің өтінішіңіз қабылдау бөлімінің диспетчеріне жіберіледі» деп жазды елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram арнасында.

Әрі қарай қоңырау шұғылдық санаты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №450 бұйрығына сәйкес анықталады. «Жеделдік санатын тағайындағаннан кейін, өтінім диспетчердің шақыру кезегіне түседі, ол осы шақыруға бригаданы тағайындайды. Жалған мәліметтер болған жағдайда өтінім қабылданбайды.

Дереккөз: Малика Бектұрованың Telegram арнасы

Бөлісіңіз