Елордадағы коронавирус статистикасы

Источник фото: РИА Новости
175 қаралу саны

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жағдайының статистикалық деректерін жариялады. 

«Нұр-Сұлтанда 2020 жылы 22 қаңтардан бастап инфекциялық стационарлар мен провизорлық стационарлар ашылды. 28 қаңтардан бастап онда 1942 пациент жатты. Оның ішінде 109 адам немесе 6% – 18 жасқа толмаған. 22 наурыз сағат 10.00-дегі жағдай бойынша 1234 адам коронавирус күдігімен стационарда жатыр. Оның 61-і – балалар» деді басқарма басшысы 22 наурызда өткен брифингте.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының 31 жағдайы тіркелді. 30 науқас – Қазақстан азаматтары болса, 1-еуі – шетелдік. «Олардың 32% немесе 10 науқас – ер адам, 78% немесе 21 науқас – әйелдер. Жас құрылымы бойынша 21 оқиға немесе науқастардың 68% – 30-49 жас аралығында. 18 жасқа толмаған 2 бала бар және 18-29 жас аралығындағы 3 науқас бар. 50-59 жас аралығында – 4 адам және 60 жастан асқан 1 науқас тіркелген. Науқастардың 26% немесе 8 оқиға 1А санатындағы елдерден келген рейстен түсірілген жолаушылар.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 56 науқас тіркелді. Нұрсұлтан қаласында 31 адамда короновирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам. Бұған дейін басқарма басшысы елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келген 600-ге жуық жолаушының тексеріліп жатқанын хабарлады.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз