Елордалық полиция қызметкерлері тұрғындарға карантиндік сақтық шаралары туралы ескертеді

273 қаралу саны

Еліміздегі төтенше жағдай мен қаладағы карантинге байланысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері 20-21 маусым күндері айрықша режимде қызмет етеді. Қоғамдық тәртіп пен стратегиялық нысандарды қорғауды күшейтіп, полиция жасақтарының саны көбейтілді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Сонымен бірге, көшелерді патрульдеу жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Полиция көліктері дауыс зорайтқыштарымен жабдықталған және халық арасында түсіндіру жұмыстары жүруде. Патрульдеу маршруты барлық аумақты қамтитындай етіп құрылған. Полицейлер барлық тұрғын үй орамдарына және халық көп жиналатын орындарға барады.

Қазақ және орыс тілдерінде қайталанатын аудиожазбаларда төмендегідей ақпарат айтылады: Құрметті елорда тұрғындары! Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекция карантиніне байланысты барлық тұрғындар келесі шектеу шараларын сақтауы керек:

• Аса қажеттілік болмаса тұрғын үйден шықпаңыз.

• Адамдар көп жиналатын орындарға – банктерге, дәріханаларға, дүкен мен медициналық мекемелерге барғанда, қоғамдық көлікке мінгенде бетперде киіңіз.

• Түшкіру немесе жөтелу кезінде мұрын мен ауызды бір реттік сүлгімен жабыңыз.

• Қолды сабынмен жуыңыз немесе спирттік антисептик жағыңыз.

• Қоғамдық орындарда ең кемі 1,5-2 метр қашықтықты сақтаңыз.

• Қол алмасып амандаспаңыз.

Бөлісіңіз