Елжан Біртанов: Үрейленудің қажеті жоқ!

Елжан Біртанов: Үрейленудің қажеті жоқ!
306 қаралу саны

Бүгін, 21 сәуірде Forbes Kazakhstan журналының сайтында жарияланған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртановтің сұхбаты осылай аталады. Материал аталмыш журналдың сәуір айындағы санында жарияланады.

«Наурыз айы Қазақстанда толығымен коронавирус белгісімен өтті. Сонымен бірге, әлеуметтік желілердің пайымдауынша, айдың басында елде бірде-бір вирус жұқтырған адам тіркелмеген. 10 наурызда бас санитарлық дәрігер (сол кездегі) Жандарбек Бекшин математикалық талдау нәтижелері бойынша бірінші жұқтыру жағдайы 11 наурыздан 16 наурызға дейін күтілетінін айтты. 13 наурызда инфекцияның алғашқы екі жағдайы тіркелді. 16 наурызда Президенттің Жарлығымен елде төтенше жағдай, ал 17 наурызда Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматыда және елордада 19 наурыздан бастап карантин жариялады. Сондықтан біз бұл күні Денсаулық сақтау министрінен өз кабинетінде емес, қашықтықта сұхбат алдық» деп басталатын сұхбатта ҚР Денсаулық сақтау министрі «COVID-19 неге Қазақстанға кеш келді?», «Алматыда 2016 жылы салынған американдық референс-зертхана бізге қалай көмектесті?», «Індеттің итальяндық нұсқасы бізде қалай қайталанбайды?» және басқа сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап береді.

«Үрейленудің қажеті жоқ! Бұл – респираторлық вирустық инфекция. Қараңызшы, Оңтүстік Кореяда жаппай инфекция жұқтырған – 100000 тұрғынға шаққанда 16 адам, яғни миллионға 160 адам келеді. Бұл соншалықты көп емес. Екіншіден, өлім онша жоғары емес, шамамен 80% жұқтырғандар бұл ауруға оңай және тіпті асимптоматикалық жолмен төзеді. Жалғыз проблема: ауру өте тез тарайды және қазіргі кездегі міндет: байланыстарды үзу, бақылаусыз өсуді болдырмау. Медициналық қызмет ауыр науқастардың көпшілігіне көмектесе алады. Сондықтан да  үрейленбеу керек, жағдайға ақылмен қарап, карантиндік және санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау керек» деп түйіндеген журналға берген сұхбатын ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Фото дереккөзі: Depositphotos

Бөлісіңіз