Елжан Біртанов: 3 мәселе: Қазақстанда коронавируспен күресуге қанша қаражат бөлінді?

Фото дереккөз: https://kapital.kz/2907dc56202bffcf2fe542b4d59c503a/c/1440/816/5a5dadde47e243b084920a029d7f9e74.jpg
356 қаралу саны

Денсаулық сақтау министрі Елжан Биртанов Instagram-да Tengrinews.kz тілшісіне тікелей эфирде сұхбат беріп, көптеген сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Біз бүгін сол сұхбаттың басты үш мәселесіне ерекше тоқталып, министрдің жауабын қағазға түсіріп, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік. Үшінші мәселе: Қазақстанда коронавируспен күресуге қанша қаражат бөлінді?

Елжан Біртанов: Денсаулық сақтау министрлігі бойынша 16 миллиард 978 миллион теңге бөлінді. Үкіметтің резервінен. Барлық адамдарды қызықтырып отыр ғой. Сондықтан бәрін айтып шығайын.

Бірінші резерв: 1 миллиард 600 миллион теңге.

Бірінші резервте 1 миллиард 600 миллион теңгеге сатып алынды:

дәрі-дәрмектер – 23 атау;

маскалар – 2 миллион 189 мың 100;

қолғап – 2 миллион 113 мың 600;

бір рет пайдаланылатын костюмдер – 1414 дана;

науқастарды тасымалдауға арналған капсулалар – 35 дана;

көп пайдалануға болатын обаға қарсы костюмдер – 92;

ПТР диагностикасы үшін жабдық сатып алу;

нуклеин қышқылын алудың автоматтандырылған жүйелері;

биологиялық қауіпсіздік боксы;

жылжымалы камера;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитеті үшін жылу түсіргіштер 12 дана;

байланыссыз пирометрлер (ИК термометрлері) 686 дана;

санитарлық дәрігерлерге арналған жеке қорғаныс құралдары.

(Осы соманың ішінде Қазақстан азаматтарының Қытайдан эвакуациясы төленді).

Екінші резерв: 428,2 млн. теңге.

Екінші резерв 2020 жылғы 21 ақпанда 428,2 млн. теңге сомасында бөлінді. Бұл қаражатқа мыналар сатып алынды:

3291 дана обаға қарсы костюмдер;

1 миллион маска;

17 мың қолғап;

6 мың дана коронавирусты анықтауға арналған тест-жүйелерді жасауға тапсырыс берілді. Бұл жүйелерді жасауды «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетіне, Шекара қызметі мен Сыртқы істер министрлігіне жеке қорғаныс құралдары бөлінді (құпия ақпаратқа байланысты бұл туралы хабарланбайды).

Үшінші резерв: 38,9 млн. теңге.

Қаражаттың үшінші резерві 38,9 млн. теңге құрады. 500 мың дана маска және 1 млн. қолғап сатып алынды.

Төртінші резерв: 14,9 млрд. теңге.

43 атау дәрілік заттарды сатып алу;

894 мың қолғап мөлшерінде жеке қорғаныс құралдары;

1 миллион 788 мың маскалар;

1 миллион қорғаныс костюмдері;

антисептиктер;

залалсыздандыру үшін жабдықтар сатып алу;

мұздатқыш камералар;

150 мың зерттеуге арналған коронавирусты анықтауға арналған тест жүйелері;

Сонымен қатар санитарлық дәрігерлерге арналған жеке қорғаныс құралдары сатып алынды:

1,5 миллион маска;

716 мың қолғап;

657 мың қорғаныс костюмдері;

антисептиктер;

термометрлер;

жанар-жағармай материалдары;

блог бекеттерінде және шекара заставаларында жұмыс істейтін санитарлар және бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін қызметкерлердің іс-сапар шығындары.

Фото дереккөз: kapital.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз