Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында сөз сөйлейді

274 қаралу саны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына қатысады және сөз сөйлейді, деп жазады ҚР ДСМ Фейсбук парақшасында.

Бүгін, 18 мамырда сағат 16.00-де 73-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы онлайн режимде басталады.

Жаңа COVID-19 коронавирусының пандемиясы бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы бірнеше кезеңде өтеді.

Ассамблеяның бірінші кезеңі бір мәселеге арналған: COVID-19-ға жауап беру шараларын қамтамасыз ету.⠀

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының қорытындысы бойынша ДДСҰ-ға мүше мемлекеттер COVID-19-ға жауап беру шараларын қамтамасыз ету туралы қарар қабылдайды. Мүше мемлекеттер резолюция жобасын Интернетте алдын-ала талқылады.

Тікелей эфирді 16: 00-ден бастап мына сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.who.int/…/w…/seventy-third-world-health-assembly

Бөлісіңіз