Елжан Біртанов жалпыға бірдей вакцинациялауға қарсыларға арнап Bloomberg жарияланымын Facebook парақшасында орналастырды

Фото дереккөзі: Liter.kz Елжан Біртанов жалпыға бірдей вакцинациялауға қарсыларға арнап Bloomberg жарияланымын Facebook парақшасында орналастырды
314 қаралу саны

Дамыған елдер өз халқын коронавирус пандемиясына қарсы вакциналарға кезекке қоюда. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook парақшасында осындай пікір білдірді,

ҚР Денсаулық сақтау министрі өзінің Facebook парақшасында мемлекеттердің пандемиядан шығу стратегиясына арналған Bloomberg сайтында жарық көрген Джеймс Патонның «Коронавирустан шығу стратегиясы вакцинаны бүкіл әлемге жеткізуге байланысты құрылған» деген мақаласын орналастырды.

Онда осы жағдайдан ойдағыдай шығудың жолы бүкіл әлем бойынша вакцинациялау жүргізуге байланысты екендігі айтылған. «Бізді кейбір «жолдастар» жалпыға бірдей вакцинациялауды болдырмау қажеттілігі туралы жар салып жатқан кезде дамыған елдер өз халқы үшін коронавирус пандемиясына қарсы вакцинаға кезекке тұрып жатыр. Бәрі бөлініп қойған сыңайлы. Алдағы жаз мезгілінде «COVID-19 екпе жасалмағандарға кіруге тыйым салынады» деген тақтайшалардың бүкіл Еуропа елдерінде пайда болуын жоққа шығаруға болмайды» деп атап өткен Елжан Біртанов.

Иә, шынында да екпе салуға қарсы шығушыларға бұдан артық қалай айтуға болады? Ойланайық, ағайын!

Дереккөз: Facebook парақшасы

Фото дереккөзі: Liter.kz


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз