Емдеу бойынша тәжірибе бөлісті

212 қаралу саны

Шетелдік профессорлар қазақстандық дәрігерлермен коронавирусты емдеу бойынша тәжірибе бөлісті.

Zoom қосымшасы арқылы өткен онлайн конференцияға ҚР ДСМ өкілдері, аурухана басшылары, дәрігерлер қатысты. Бұл диалогты ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау Ұлттық орталығы ұйымдастырды. Онлайн алаңда Петах-Тиква ауруханасының анестезиология бөлімінің басшысы, Тель-Авив университеті медицина факультетінің оқытушысы, профессор Леонид Эйдельман жауап берді.

Маман науқастарды қандай дәрі-дәрмекпен емдеу, қалай күту, қандай жағдайларда жасанды тыныс алу аппаратына қосу керектігі туралы сұрақтарына жауап берді.

Маманның айтуынша, қазір әлем дәрігерлерінің өз елінде түрлі азды-көпті тәжірибелері қалыптасқан. Бірақ халықаралық ДДҰ бекіткен вирусқа қарсы дәрілер хаттамасы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Сонымен бірге коронавирус балалар арасында өте жеңіл өтетіні дәлелденген. «Қазір бөлімшелерде жатқан балалардың ең басты проблемасы – қалай уақыт өткізу. Өйткені, көпшілігінің іштері пысып жатыр. Сирек кездесетін жайттар бар. Балалар қайтыс болған, қатты ауырған. Америкада жақында жаңа туған бала шетінеді. Ал көбінесе балалар арасында бұл вирус симптомы білінбей өтіп жатыр. Бірақ жоғарыда айтылған дәрілерді балаларға абайлап қолдану керек. Бұл жағынан көп тәжірибе жоқ» деді профессор.

Жинақталған мәліметтерге сәйкес 0-10 жас аралығындағы балалар арасында коронавирус өте сирек кездеседі. Сонымен қатар профессор басқа да созылмалы аурулармен ауыратын науқастар коронавирус жұқтырған жағдайда оларға ота жасауға болатынын айтты.

Кнопка домой
Бөлісіңіз