Эмма Рейнольдс, CNN: Антиваксерлер коронавирус пандемиясына байланысты өз пікірлерін өзгертуде

Фото дереккөзі: Voice of America (VOA). Эмма Рейнольдс, CNN: Антиваксерлер коронавирус пандемиясына байланысты өз пікірлерін өзгертуде
377 қаралу саны

CNN журналисті Эмма Рейнольдс «Антиваксерлер коронавирус пандемиясына байланысты өз пікірлерін өзгертуде» деген мақаласында вакцинаның адамзат өміріндегі артықшылықтары туралы әдемі мысалдармен ой түйіндейді. «Вакцина бұған дейін дәл осыншалықты тағатсыздана күтетін нәрсе болған емес» деген ой арқылы ол қазір әлемде ғалымдар коронавирусқа қарсы екпені жанкештілікпен жасау үстінде екенін және кейбір саяси лидерлер вакцинасыз біздің өмірімізді шектеу шексіз жалғаса беретіндігін тілге тиек етіп отырғанын қадап айтқан.

Автор бұл жағдайдың антиваксерлерге қарсы басталған науқан деп ойлап қалуы мүмкін екенін ескерте отырып, бірақ олай емес екеніне назар аударады. Коронавирус індеті көп нәрсені өз орнына қоя бастаған сияқты. Қазір көптеген вакцинаға қарсы адамдар (антиваксерлер) райынан қайта бастағанын байқамау мүмкін емес.

Бұл құбылысты автор өз мақаласында флоридалық 26 жасар Хейли Сирсидің сөздерімен дәлелдейді. Бастапқыда вакцинаға барынша қарсы болған ол қазір коронавирустың ушығуына орай пікірінен бас тарта бастаған. Ол кез келген пандемиямен және эпидемиямен тек ғана вакцина арқылы күрестің ең тиімді екеніне көзін жеткізген. 

Мақала авторы Лондондық гигиена және тропикалық медицина мектебінің зерттеушілер тобы жүргізген «Вакцинаға – сенім» жобасы аясында өткізілген сауалнамаға сәйкес көптеген елдерде, оның ішінде Ұлыбритания мен Францияда вакцинаға қарсы тұратын адамдардың пікірі жіби бастағанын жазады. 


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Мақала авторы қазіргі уақытта балалардың көпшілігі өмірлік маңызды вакциналарды алады, бірақ соңғы жылдары денсаулық сақтау қызметі төмендеу үрдісін атап өткенін айта келе былай деп жазады:

«Ұлыбританияда 149 жергілікті билік органдарының 33-і ғана 2018-2019 жылдары алдын алуға болатын ауруларға қарсы вакцинациялаудың   жоспарын 95% орындаған. Өткен жылы Америка Құрама Штаттарында қызылша ауруы 1992 жылдан бері ең көп деңгейде болды, негізінен вакцинацияланбаған балалар арасында. 2019 жылы Ұлыбритания Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген «қызылшасыз» мәртебесінен айырылды».

ЮНИСЕФ-тің есебі бойынша 117 миллионнан астам баланың қызылшаға қарсы вакциналарды ала алмай қалу қаупі бар. ЮНИСЕФ елдерді қажетті иммундауды жалғастыруға шақырды. Мақала авторы осының бәрі қауіпті тенденция екенін ескерткен.

Мақаланы ағылшын тілінде мына сілтемені басып, оқуға болады.

Дереккөз: CNN сайты

Фото дереккөзі: Voice of America (VOA) 


ӘМС Қоры: Бірінші мәселе

– Коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер жалақысына қанша үстемеақы қосылды?


Кнопка домой
Бөлісіңіз