Елорда әкімі карантин туралы

Фото: Эпидемиологическая ситуация по коронавирусу в РК
212 қаралу саны

Елордада 19 наурыз күні сағат 00-ден бастап карантин енгізілді.
Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылданды:
– Барлық әлеуметтік нысандарда, тұрғын үйлерде, базарларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, әуежайда, вокзалдарда, автобустарда және т. б. дезинфекциялау шаралары күшейтілді.
– Қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды;
– Елорда аумағына кіріп-шығатын жерлерде арнайы пункттер ашылды;
– Балабақшалар мен үйірмелер жұмысын тоқтатты;
– Сауда ойын-сауық орталықтарында тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді;
-Мейрамханаларға онлайн жеткізу қызметіне көшу ұсынылды. Жалға алушылар мен басқа да кәсіпкерлік субъектілері үшін несие төлеу кейінге қалдырылатын болады.
– Банктерге 90 күннен кейін төлеу мерзімі өткен тұтыну несиелеріне айыппұл мен өсімпұл есептеуге тыйым салынады.
– Барлық ұйымдардың басшыларына қызметкерлердің 70%-ын қашықтықтан жұмыс жасауға немесе еңбек демалысына шығару ұсынылды. Бұл коммуналдық қызметтерге, құқық қорғау және арнайы органдарға, медицина қызметкерлеріне және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да ұйымдарға қатысты емес.
http://astana.gov.kz/kz/news/news/21975

Бөлісіңіз