Ералы Тоғжанов балаларды қашықтан оқытудың не үшін маңызды екенін айтты

80 қаралу саны

Қашықтан оқыту жүйесіне байланысты мәселе де, сұрақтар да бар. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. «Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, балаларды қашықтан оқыту қажеттілігін тағы да ескертеміз. Естеріңізге сала кетейін, мамыр айында карантиннен кейін біраз балабақшада кезекші топтарын ашқанбыз. Артынша Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан облысында, біраз өңірде балалардың арасында коронавирус тіркелгені белгілі. Сондықтан қауіпсіздік мәселесі ешқайда кеткен жоқ. Соның бәрін ескеріп отыруымыз керек» деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, коронавирус індетінің таралу тізбегі бір баладан бастап жалпы қоғамға жету мүмкіндігі өте жоғары. «Ашығын айтқанда бала, сынып, мектеп, одан ата-ана, ұжым, қоғам болып жалғасып кете береді. Сондықтан бұл бағытты Мемлекет басшысы қатаң бақылауға алып отыр. Оқу процесін жалғастырудың әр кезеңі жіті қаралып, мониторинг қорытындыларын сараптау арқылы жасалып отыр. Түсіп жатқан әрбір сұраққа шұғыл түрде жауап та беріледі. Бүгін әлі де қашықтан оқыту жүйесіне байланысты мәселе де, сұрақтар да жоқ емес. Алда атқарылар жұмыс та көп. Тұрақты оқу жүйесінің тиімділігі де, нәтижесі мен сапасы да артық екені белгілі. Дегенмен, балаларымызды аман сақтап қалу басты міндетіміз» деді Ералы Тоғжанов.

Бөлісіңіз