Ерхат Есқалиев: Ауруханалардың дәрі-дәрмекке деген сұранысы 100 пайызға қанағаттандырылды

234 қаралу саны

Ауруханалардың дәрі-дәрмекке деген сұранысы 100 пайызға қанағаттандырылды. Одан бөлек қазіргі уақытта жеке нарықтарды толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлім етті.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы компанияның қазіргі жұмысы қандай екенін айтып берді. «Біз тек мемлекеттік мекемелерге – ауруханаларға ғана жауаптымыз. Жеке дәріханалардың бәріне жауаптысыңдар деген пікір қате. Депутаттардың бәрімен сөйлестік. Олар да осы сөзімізді растай алады. Әйтсе де бізден жауапкершілікті ешкім алып тастаған жоқ. Қор төмендеп, дәрі-дәрмек азая бастаған кезде адамдар жеке дәріханаларға жүгіне бастаған. Бұл жағдайдың болғанын мойындаймыз. Меніңше проблема шешілді. Қазір әкімдердің бәріне жеке нарықты толтықтыру міндеті жүктеліп отыр. Жеке нарықты дәрі-дәрмектермен толтырсақ дейміз. Проблема біржолата шешілуі керек деп есептеймін. Мемлекеттік мекемелер тарапынан жеке нарыққа жүгіну мәселесі туындамайды. Болған және болатын өтінімдерге талдау жасап отырмыз. Қоймалардың бәрін толтырып тастадық» деді «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Ақтөбеде айлық нормаға жетерлік операциялық қоймасы бар компанияның төрт хабы жұмыс істейді.

«Аймақтардағы ауруханалардың сұранысы 100 пайыз қанағаттандырылды. Бірақ бұл – бір айлық қажеттілік. Өтінімдерді қайта қабылдаудамыз. Екі айлық норманы да толтырып қоярлық мүмкіндік бар» деді ол.

Дереккөз: YouTube желісіндегі «Ел тірегі» арнасындағы тікелей эфир

Бөлісіңіз