Ерлан Карин: Билік карантин режимін кезең-кезеңімен босаңсытуға ниетті

347 қаралу саны

Билік карантин режимін біртіндеп және кезең-кезеңімен босаңсытуға ниетті. Тек індеттің геометриялық прогреспен өршуіне жол бермеуі тиіс. ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин осылай мәлім етті.  

«Мемлекет басшысы коронавируспен күрестің жаңа тәсілдерін жария етті. Биліктің шұғыл әрі табанды іс-әрекетінің, қаңтар айынан түрлі шараларды енгізуінің арқасында індеттің жаппай таралуына жол берілген жоқ. Енді індеттің геометриялық прогреспен өршуіне жол бермей, билік карантин режимін біртіндеп және кезең-кезеңімен босаңсытуға ниетті»   деп жазады Президент кеңесшісі Telegram парақшасында.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Оның атап өтуінше, коронавирустың жаңадан таралуына және жұқтыру ошақтарының пайда болуына жол бермеу үшін төтенше жағдай режимін бірден алып тастап, карантинді жеңілдетуге болмайды. «Сондықтан билік бір жағынан жедел әрі табанды әрекет етсе, екінші жағынан елдегі және өңірлердегі жалпы жағдайға байланысты түрлі тәсілдерді икемді қолданып отыр. Бұған қоса, карантинді ішінара жеңілдету коронавирустың таралу қаупін бағаламауға алып келмеуі тиіс. Жаңа вируспен күрес әлі де жалғасып жатыр» деді Ерлан Карин.

Дереккөз: Telegram парақшасы

Фото дереккөзі: Tarlan.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз