Ғылыми мақалалар препринті туралы не білу керек?

Ғылыми мақалалар препринті туралы не білу керек?
208 қаралу саны

Жаһандық зерттеуші-журналистер желісі (GIJN) журналистердің ғылыми мақалалармен жұмыс істеуі туралы Journalists Resource дайындаған маңызды материалдың негізгі бөліктерін жариялады. Әріптестерімізбен және оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік, шынында маңызды ақпарат.

Жарияланбаған ғылыми мақалалар туралы журналистер не білуі керек? COVID-19 пандемиясы тарағалы medRxiv (медико-санитарлық ғылым) және bioRxiv (биологиялық ғылым) серверлерінде жүздеген «препринт» пайда болды. Ол – өзінің идеясын ғылыми ортаға жариялап, кәсіби пікірталас тудырғысы келетін адамдардың алдын ала жазылған материалдары.

Бұл ақпарат көзінің қандай ерекшелігін ескеру қажет? «Препринт» — академиялық журналда жарияланбаған және сарапшының бағасын алмаған ғылыми мақала. Мұндай ресурстар физика және математика саласында бұрыннан бар, ал медицина мен биологияда жақында пайда болды. Бұл мақалалар жалпы іріктеуден өтеді, бірақ рецензияланбайды. Мақалада плагиат, қорлау және ғылыми емес контент, сонымен қатар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін ақпарат бар-жоғы тексеріледі.  

Мақаладағы қорытынды – алдын ала жасалған немесе теория жүзінде ғана. Мұндай мақала туралы жазбас бұрын, автордың негізге алған зерттеу тәсілін оқып-білу маңызды. Осы тақырыпқа қатысы бар, бірақ бұл зерттеуге қатыспаған ғалымдардан кеңес алған жөн.  Кейде препринт авторлары мақаланы әріптестерімен талқылағаннан кейін өшіріп тастайды. Пандемия кезінде БАҚ-та препринтке негізделген, бірақ одан дәлелденген факт ретінде ақпарат берген материалдар көбейіп кетті. Осы секілді материалдарды оқығанда сақ болыңыз, олар сізді (тіпті автордың өзін де) шатастыруы мүмкін.

Дереккөз: Фактчек.кз

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз