Шындыққа жанаспайтын ақпарат

Шындыққа жанаспайтын ақпарат
7  202 қаралу саны

42 500 теңге жәрдемақыны төлеуге қаражат зейнетақы жинақтарынан алынады деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.

«42 500 теңге төлеуге арналған қаражат зейнетақы жинақтарынан алынып жатыр деген мессенджерлерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төлеу үшін қаражат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінді. Азаматтардың жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз» деді министрліктен.

Фото сілтемесі: kstnews.kz

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз