319 қаралу саны

Үйден шықпағанның да пайдасы бар. Әншейінде көңіл бөлмейтін нәрселеріңе де бір уақыт назар аударасың! Бір сағаттай классикалық музыка тыңдадым. Классиканың аты – классика! Түсінбедім дегеннің өзінде де тамаша ой тұңғиығына бөлендім.

Дәл қазір мынадай ой келді: Музыка мен Жаратылысты ажыратып қарауға  болмайтындығына  көзім жетіп отыр. Жаратылыс сияқты Музыканың да құдірет екеніне күмән келтірудің қисыны жоқ. Шынында да Муза деген атауда да үлкен мән жатыр.

Шынында да айналдырған жеті нотадан қаншама әуез қалықтағанын санап шығу да мүмкін емес сияқты. Сіз кәдімгі жеті нота атауының интерпретациясы қалай шыққанын білесіз бе? Оны білсеңіз, музыка Құдайдың ұлы Жаратылысынан бастау алатынын байқау қиын емес.

Do – Dominus – Құдай; Re – rerum – Материя; Mi – miraculum – Таңғажайып; Fa – familias рlanetarium – Күн системасы; Sol – solis – Күн; La – lactea via – Құс жолы; Si – siderae – Аспан.

Қарап отырсаңыз, жеті нота Құдай мен оның Жаратылысының барлық элементтеріне негізделген. Музыканың құдіретті болатындығының сыры осында жатса керек. Қазақтардың физиктерден бұрын «лирик» әншілерді неге жақсы көретінін енді түсінгендеймін. Біз кейде физик пен лирик деп бөлеміз. Дұрыс емес сияқты, екеуі тығыз диалектикалық байланыста екеніне күмәнім қалмады.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз