G20 елдері COVID-19-бен күреске $21 миллиардтан астам қаржы бөлмек

374 қаралу саны

G20 елдері мен шақырылған мемлекеттер коронавирус инфекциясы пандемиясымен күреске $21млрд-тан астам қаржы бөлуге келісті. Бұл туралы rbc агенттігі хабарлайды.

Қаржы диагностика мен коронавирус инфекциясының еміне, вакцианалар әзірлеуге, сондай-ақ пандемиямен күрес аясында зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалады. Наурыз айында бейнеконференция форматында өткен «Жиырмалықтың» бірінші саммитінде G20 елдері коронавируспен күреске қаржы бөлуге келіскен болатын.

Ары қарай оқу:



Кездесуде көшбасшылар пандемияның әлемдік экономикаға тигізетін кері әсеріне қарсы іс-қимылға ауқымды қаржылық көмек көрсетуді қолдаған. Олар бірлестік елдерінің коронавирустың зардаптарымен күресу үшін 5 трлн. АҚШ долларын бөліп жатқанын хабарлады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша әлемде 6 млн. 731 мың адам коронавирус жұқтырған. Расталған жағдайлар саны бойынша 2  миллион адамға жуық вирус жұқтырған АҚШ көш бастап тұр. Екінші орында Бразилия (614,9 мың), үшінші орында Ресей (449,2 мың) тұр.

Дереккөз: rbc агенттігі

Ары қарай оқу:



Кнопка домой

Бөлісіңіз