ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус: Covid-19-ды саясиландыруды тоқтату керек

Источник фото: https://www.cubaenresumen.org/2018/05/director-general-de-la-oms-contribucion-de-cuba-a-la-salud-es-motivo-de-inspiracion/
204 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ДДСҰ жұмысын қорғап, Covid-19-ды саясиландыруды тоқтату керек екенін айтты, деп жазады ВВС.

Тедрос Адханом өз сөзінде вирусты саясиландыруды доғарып, әлем елдерін ынтымақтастық танытуға шақырды. «Бұған дейін Трамп ДДСҰ әрекеттері Қытайды қолдауға бағытталғанын айтып мін тақты. Ал ДДСҰ басшысы ұйымның барлық ұлттарға жақын екенін айтты» деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ДДСҰ-на қаржыландыру көзін әкімшілік қайта қарастырып жатқанын, ұйым өз міндеттерін дұрыс орындауы керек екенін айтқан. «Covid-19 алғаш рет Ухань қаласында пайда болды. ДДСҰ басшысы ұйымның Қытаймен вирус табиғатын түсіну үшін ғана тығыз байланыста болғанын айтты. Тедрос өз сөзінде мемлекеттер арасында бірлік болуы керектігін айтып, Covid-ті саяси көзқараста пайдаланбауға шақырды» деп жазады басылым.

Фото сілтемесі: cubaenresumen.org

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой



Бөлісіңіз