Гравитация заңына бағынған Жаратылыс – кездейсоқтық емес, заңдылық

268 қаралу саны

Мұқағали айтқан: «Дін – ғылымның атасы». Эйнштейн «Безбожная наука хромает» дейді. Барып тұрған атеист деген Жорис Альферовтің өзі «Қартайған сайын Құдайдың жоғына күмәнім көбейіп келе жатыр» дегенін құлағыммен есіттім. Ғаламдағы ғажап реттілік өз-өзінен пайда болмағанына барған сайын көзім жетіп келеді. Гравитация заңына бағынған Жаратылыстың Кездейсоқтық емес, Заңдылық екеніне дауым жоқ.

Жаратушы Асқан Ақылдың иесі екеніне шек келтіру қиын. Өйткені, бүкіл адамзаттың мыңдаған жылдар бойғы ойлап тапқаны бір Алланың жаратқанына татымайтынына таңырқамау мүмкін емес. 

Шынында да намаз оқымасам да Құдайдың барын дәлелдеуге тырысып бағатынымнан ләззат алып отырғаныма тәуба!

Бөлісіңіз