Hans Henri P. Kluge: COVID-19 қателіктерді кешірмейді

Hans Henri P. Kluge: COVID-19 қателіктерді кешірмейді
288 қаралу саны

Кеше ДДСҰ Еуропа аймақтық бюросының директоры докторHans Henri P. Kluge баспасөзге арналған мәлімдеме жасады. Біз сол мәлімдемеден шағын үзіндіні оқырмандар назарына ұсынамыз:

«Шектеулерді біртіндеп алуды бастамас бұрын, сіз осы шарттарды орындай алатындығыңызға сенімді болмасаңыз, оны қазір жасау керек пе, жоқ па деп ойланыңыз. COVID-19 қателіктерді кешірмейді. Бірнеше күннің ішінде бұл вирус Еуропадағы ең күшті денсаулық сақтау жүйелерін де тізе бүктіре алады. Егер сіздің еліңізде қоғамның барлық салаларын және мемлекеттік биліктің барлық секторларын қамтитын тиісті дайындық пен әрекет ету стратегиясы болмаса, егер сіздің медицина қызметкерлеріңіз тиісті деңгейде оқытылмаған, жабдықталмаған және қорғалмаған болса, егер сіздің азаматтарыңыз ғылыми дәлелдерге негізделген қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілмесе, онда пандемия толқыны адамдарды өмір сүруінен айыра отырып,  қоғамға, бизнеске және денсаулық сақтау жүйелеріне тапжылмай жетіп келеді.

Қараңыз, үйреніңіз, бір-біріңізді тыңдаңыз. Бұл әсіресе жауапты шаралардың келесі кезеңіне өту арқылы шектеулерді алып тастай бастаған елдерге қатысты. Бұл жерде елдердің денсаулық сақтау органдарымен және COVID-19-бен күресуге қатысатындардың арасындағы ынтымақтастық өте маңызды болып табылады.

Қорытындылай келе, тағы бір рет айтқым келетіні: біздің айналамызда  дауыл ұрып тұр. Біз вирусты дәлелденген, сенімді шаралар көмегімен: барлық күдікті жағдайлардың анықталуын, оқшаулануын және тексерілуін қамтамасыз ете отырып, барлық жақын байланыстар үшін карантин мен денсаулықты бақылауды қамтамасыз ете отырып, барлық қажет адамдарға көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда физикалық арақашықтық сақтау шаралармен қамтамасыз ете отырып тоқтата аламыз.

«Өмірдің жаңа нормасына» көшуді жоспарлау кезінде біз ең алдымен денсаулық сақтау қағидаларын басшылыққа алып, экономика мен қоғам үшін мүмкін болатын салдарды ескеруіміз керек. Біз бірге үйренеміз, тәжірибе жинаймыз. Қазір елдер арасындағы ынтымақтастық бұрынғыдан да маңызды. Осы дауылдан аман өту үшін күш жинап, парасатты және жауапты көшбасшылықты көрсететін уақыт келді».

Біздің пікір: Бұл – дәл қазір төтенше жағдай мен карантин жарияланған Қазақстанда шектеу шараларын алып тастауға барар жолда асығыстыққа жол бермеу үшін таптырмайтын ұсыныс екені сөзсіз.

Дереккөз: ДДСҰ Еуропа аймақтық бюросының сайты

Фото дереккөз: amu.kz

Бөлісіңіз