Індет жұқтырған анадан туған сәбиден коронавирус анықталмады

217 қаралу саны

Қызылорда қаласының коронавирусты жұқтырған тұрғыны дүниеге әкелген балаға жасалған тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды» деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Еске сала кетсек, кеше Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанып, дүниеге салмағы 2970,0 грамм, бойы 51 сантиметр сәби әкелген болатын.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз