Індетпен күрестің алғы шебіндегі дәрігерлерге қандай қолдау бар

Індетпен күрестің алғы шебіндегі дәрігерлерге қандай қолдау бар
350 қаралу саны

Мемлекеттің әлеуеті сыналар сәтте әлеуметіне жан-жақты қолдау көрсетуі өте орынды. Ал індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлердің жағдайы не болмақ? Мұны да мемлекет қаперден шығарған емес. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді қолдаудың арнайы топтамасы жайында сөз қозғағаннан көп өтпей-ақ Үкімет арнайы шешім қабылдады.

Оған сәйкес медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген.

Бірінші топқа реанимация бөлімдерімен қоса алғанда жұқпалы аурулар станционарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатады. Олардың жалақысына үстемақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 1 млн. теңгенің үстінде алады.

Екінші топта провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметтерінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері бар. Олардың үстемақысы айына 425 мың теңге болады. Орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 600 мың теңге алады.

Үшінші топқа карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқалары кіреді. Олар айына 212 мың теңге үстемақыны қосқанда шамамен 380 мың теңге алады.

Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталған. Олар ауырып қалған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, егер медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде төлемақы беріледі.

Фото дереккөзі: media3.s-nbcnews.com

Кнопка домой
Бөлісіңіз