Індеттің алғы шебіндегі дәрігер әңгімесінен үзінділер

310 қаралу саны

«Жаңа вирустың қауіптілігі туралы кеңінен түсіндіруге қарамастан желіде  қазіргі кездегі жағдайдың ауырлығына және коронавирустың нақты қауіптілігіне күмәнданатын жекелеген адамдардың постары мен комментарийлерін көз шалып қалады». ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин  Фейсбуктегі жеке парақшасындағы  жазбасын осылай бастаған. Ол жуырда жаңа коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген медицина ғылымдарының докторы, дәрігер жолдасымен  сөйлескенін айта келіп, оның айтқандарынан біраз үзінділер келтірген. Біз де қауіпті аймақта еңбек етіп жүрген дәрігердің ойларын оқырмандар назарына ұсынуды  жөн көрдік:

  • Біз жұмысқа ауысыммен шығамыз. Ауысым ауысқан кезде біз бір-бірімізді көрмейміз, өйткені егер бір ауысымда немесе дәрігерлік- медбикелік топта біреу ауырып қалса, оқшаулауға барынша аз адам жатқызылады.
  • Бірнеше маска мен респиратор киеміз. Қат-қабат киіммен жүріп тыныс алу өте қиын, дәрігерлерде оттегі жетіспеушілігінен гипоксия пайда болады. Пульс минутына 130 соққыға дейін жетеді. Дәрігерлерде қан қысымы көтеріледі.
  • Ұзақ уақыт арнайы көзілдірік кию де мұрынды, бетті және маңдайды қажап тастайды. Сондықтан пластыр пайдаланамыз. Бірақ көзілдірік бәрібір буланып кетеді, одан  алғашқы кезде ештеңе көрінбейді, тек адамның контурын ғана жобалайсың. Монитор көрсеткіштеріне ұзақ үңілуге тура келеді. Егер жүрек-өкпе реанимациясын жасау керек болса, онда вагон түсіргеннен де қиын. Тез шаршап қаласың, оның үстіне үсті-басың малмандай су болып шығасың.
  • Эпикировкамен жұмыс істеу қиын, кейде індет ошағында болу уақытыңды 6 сағатқа дейін көбейту керек болады. Әріптестердің көмегімен әрі бақылауымен  арнаулы костюмді кию үшін 20-30 минут уақыт керек.
  • Аурудың белгісі білінбей өтетін пациенттердің көптігіне қарамастан пневмония ауруы өте көп және оларды емдеу қиын. Егер адамда дене қызуы көтерілсе, онда ол 7 күнге созылады және оны түсіру өте қиын. Мұндай дене қызуы адамдарды шаршатып жібереді. Егер жөтел пайда болса, онда ол да 7-10 күнсіз кетпейді. Адамдар қажып кетеді, ашуланады, ұрыс шығарады, тезірек үйге шығаруды талап етеді.
  • Аурудың қитұрғылы сонда, инкубация кезеңінде адам өзгелерге ауру жұқтырып жүргенін мүлдем байқамайды. Науқастар бізге келіп түскенде, біреулерде сырқат ешқандай симптомсыз жалғаса береді, ал екінші біреулер дереу қарқынды терапияға түседі. Бұл жағдайда денсаулығы ауыр адамдар ауруды сезбейді. Науқаспен кеңескенде мынадай парадокс бар: пациенттің өз денсаулығына қатысты шағымы жоқ, дегенмен рентгенде өкпе көрінбейді, ал приборлар пациенттің денсаулығының ауыр жағдайын көрсетіп тұрады. Ал басқа бір жағдайда адам тұншығып, көмек шақырады немесе сол жерде есінен танып қалады. Бірақ ол да солай болғанына қарамастан денсаулығына қатысты шағымдарды жоққа шығарып отырады.
  • Шешіну үшін санитарлық бақылау бөлмесінен өту керек. Киімнің бәрін мұқият шешу керек, үнемі қолды хлордың концентрацияланған ерітіндісінде өңдеп, содан кейін душ қабылдаймыз. Осының бәрі  30 минут алады. Шығу кезінде күнделік жазып, дәрі-дәрмекке, азық-түлікке, костюмге талап қою керек, енді. Кейде тамақтануға үлгермейміз.  Мен кезекшілікте 1 рет тамақтанамын.
  • Түрлі ұйымдар мен қарапайым тұрғындардан көптеген гуманитарлық көмек келеді.
  • Мен бір айдан астам уақыттан бері отбасымды көрмедім. Себебі, мен қауіпті аймақта жүрмін. Көптеген әріптестер төтенше жағдай басталғаннан бері отбасын көрмеген. Туыстармен телефон арқылы сөйлесеміз. Біз қонақүйде тұрамыз, автобус бізді алып кетіп, алып келеді. Тамақ жақсы, жағдай бар, бірақ біз туыстарымызды сағынадық.

Дереккөз: Фейсбуктегі Ерлан Қариннің парақшасы

Бөлісіңіз