Инфекцияның аурухана ішінде таралуына жол бермеу жолдары талқыланды

Инфекцияның аурухана ішінде таралуына жол бермеу жолдары талқыланды
289 қаралу саны

Елімізге іс-сапармен келген қытайлық сарапшылар қазір Алматыда жүргенін, 20 сәуірде қытайлық дәрігерлер онлайн-конференция өткізгенін кеше сайтымызда жазған едік.

Ал кешегі күннің екінші жартысында «Медицина қызметкерлері арасында COVID-19 алдын алу шаралары және инфекциялық бөлімшені дезинфекциялау» тақырыбында екі сағаттық тренинг өтті. Онда ҚХР Іле-Қазақ автономиялық аймағы Халық ауруханасының бас медбикесі Ю Янься өз тәжірибесімен бөлісті.⠀

Тренинг барысында ол инфекцияның аурухана ішінде таралуына жол бермеу үшін стационарларды дезинфекциялау ережесі, жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) дұрыс пайдалану, коронавируспен ауыратын науқастарға физикалық және психологиялық тұрғыда көмек көрсету төңірегінде өз ойларын тыңдаушыларға жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстандағы ҚХР Бас консулдығының көмегімен қытай диаспорасының өкілдерімен кездесу өтті. Жүздесу барысында қытай сарапшылары коронавирустық инфекция бойынша өзекті ақпараттар ұсынды, коронавирустың алдын алу және қорғану әдістерін, COVID-19 анықтау, диагностикалау және емдеудің қытайлық тәсілдерін тілге тиек етті.

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы

Кнопка домой
Бөлісіңіз