Ішкі карантин тәртібі

167 қаралу саны

Карантинге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттарға сай,  коронавирус   жұқтырғандар тұратын пәтерлер немесе үйлер оқшауланып,  оның периметрі бойынша залалсыздандыру жүргізіледі.

Барлық   жұмыс берушілер COVID-19 вирусын жұқтырғандармен араласуына байланысты   оқшауланған азаматтардың жұмыс орнын сақтап, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақысын төлеуге міндетті.

Үй карантинін сақтамағандар ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.  Тұрғындар төтенше жағдай режиміне түсінушілікпен қарап, тәртіпке бағынып, аса қатты қажеттіліксіз сыртқа шықпай, барлық сақтық шараларын орындағаны дұрыс.

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар:

–              тұрғылықты мекенінде немесе жұмыс орнында вирус жұқтырушымен соңғы кездескен уақыттан бастап инкубациялық кезең бойына (14 күн ) өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтау (үй карантині, сыртқа шығуға тыйым салынады) қажет;

–              жанұя мүшерінің денсаулығын жіті бақылауда ұстаған дұрыс;

–              ЖРВИ (дене қызуы, тұмау, жөтел) белгілері байқалған жағдайда жедел жәрдем шақыру керек.

 Байланыс орталығы – 1406  

 Open Almaty – 1308  

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз