Италия сарапшылары коронавирус инфекциясын емдеу тәжірибесімен бөлісті

226 қаралу саны

Жақында COVID-2019 мәселелері бойынша Италия сарапшыларының ұйымдастыруымен бейнеконференцбайланыс өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан өкілдері қатысты. Шара барысында қатысушы елдердің сұрақтарына жауап берілді. Конференцбайланыс қатысушыларының арасында ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» мамандары: халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық бөлімінің басшысы Дана Абелдинова, ШЖҚ РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының басқарма басшысы Айнагүл Қуатбаевалар да болды.

Италия сарапшылары коронавирус инфекциясын диагностикалау, емдеу процесін ұйымдастыру және түрлі ауыр дәрежедегі науқастарға, оның ішінде симптомсыз пациенттерге қарау тәжірибесімен бөлісті.
Италия Денсаулық сақтау министрінің COVID-2019 мәселелері жөніндегі кеңесшісі Вальтер Ричиарди мырза өз сөзінде Италиядағы жағдайға тоқталды. Ондағы COVID-19 қарсы күрес тәжірибесімен және вирусты одан әрі таратпауға бағытталған іс-шаралармен таныстырды.

– Вирустың симптомсыз, пресимптомды, симптомды пациенттерге қатысты контагиоздығы эволюцияға ұшырады, сондықтан вирустың таралуын тоқтату қиынға соғады, – деді Вальтер Ричиарди. – Тіпті, ең мықты деген жабдықтар және дайындығы жоғары ауруханалар болғанның өзінде аурудың өршуін бақылаудан шығарып алу қаупі бар. Ауруға қарсы күрес теріс нәтиже бергеннен кейін, локдаун агрессивті стратегияға – іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеген кезде қажетті тәсілге көшкен дұрыс. Біз ретроспективті талдау арқылы өз күшімізді бағалап, ондаған мың адамның өмірін аман сақтап қалдық деген қорытындыға келдік.
«Болашақта Италия үшін ұлттық денсаулық сақтау жүйесін күшейту маңызды қадамға айналады», – деді Италия Денсаулық сақтау министрінің COVID-2019 мәселелері жөніндегі кеңесшісі Вальтер Ричиарди мырза.

Италияның маңызды стратегиясы – тестілеу, блоктау. Қазіргі таңда, бүкіл дүние жүзіндегідей, елдегі емдеу мәселесіне келсек, инфекция арнайы емделуге келмейді, тек жалпы симптоматикалық терапия жүргізіледі. Сондай-ақ елдегі өлім жағдайы осы жылдың сәуір және мамыр айларымен салыстырғанда төмендеді. Тестілеуге байланысты айтсақ, тестілеумен қамтуды арттыру мүмкіндігі зертханалар және пандемияның басында жетіспеген реагенттер санын арттырудың арқасында пайда болды дейді.
Сонымен қатар, бейнеконференция кезінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен пікірталас өтті.

Қазақстан тарапының өкілі – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ғаламдық денсаулық сақтау орталығының басшысы Юлия Сущенко Қазақстан COVID-19 қарсы қалай күресіп жатқандығы жөнінде еліміздің ағымдағы ахуалымен бөлісті.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы

Бөлісіңіз