Ізгі ізденіс

Фото: Фавипиравир
238 қаралу саны

«Фавипиравир» препаратын Қытай ғалымдары пневмонияны емдеуде тиімді деп бағалап отыр, деп хабарлайды Қытайдың «Синхуа» ақпараттық агенттігі. ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Ч.Синьминьнің айтуынша, препаратты ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцина ретінде сынамадан өткізе бастаған.

Оңтүстік Гуандун провинциясының Шэнчжэн қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирусы бар 80 пациенттің 35-і осы препаратты қабылдаған. Белгілі бір аралықта тест теріс нәтижесін көрсетіп, қалғандарының жағдайы орташа есеппен 11 күннен кейін түзеле бастаған. Мүндай зерттеулер Ухань ауруханасында да жүргізілген. Препаратты қабылдаған пациенттер жылдам емделіп, өкпесі қалпына келген.

«Фавипиравирді» кезінде тұмауды емдеу үшін жапондық Fujifilm Holdings корпорациясы әзірлеген. Ол кезінде Эбола безгегіне қарсы қолданылған. Препарат 2014 жылдан бастап Жапонияда сатылымға рұқсат етілген. Сондай-ақ, препараттың жағымсыз әсері соңғы алты жылдан бастап тіркелмеген.

Әрине, мұның бәрі әзірше тәжірибелік мақсатта қолданылып жатқаны сөзсіз. Бірақ ізгі ізденіс адамзат амандығы үшін жақсы ырым екені рас.

Бөлісіңіз