Карантин шараларының тиімділігі

166 қаралу саны

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында енгізілген карантин шараларының тиімділігі туралы айтып берді.

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында енгізілген карантин шаралары нәтижелілігін көрсетіп отыр. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 28 наурыздан бастап жұқтырғандардың саны азайып келеді. Сол тұстан 5 сәуірге дейін жұқтыру деңгейі 60 жағдайдан 0-ге дейін азайды» деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Алматыда да коронавирус жұқтырғандардың саны күніне 15-тен 6-ға дейін азайған. «Республика бойынша жұқтыру өсімі 10-11 пайыздан аспайды. Алайда Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында коронавирусты жұқтырудың өсімі байқалады. Яғни, ол өңірлерде қосымша шектеу шараларын енгізу керек» дейді ол.

Кнопка домой
Бөлісіңіз