Карантин: Шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді

288 қаралу саны

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

         Ол өзгерістер мыналар:

  • Қазақстан Республикасының аумағына кіру үшін шетелдіктерге (азаматтығы жоқ адамдарға) бұрын оларға қажет болған COVID-19 коронавирус инфекциясына теріс нәтижесі бар ПРТ-тест өткені туралы анықтаманың бар болуы тоқтатылды;
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары төрағалық ететін арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия баратын еліне кіруге ресми рұқсаты болған кезде әрбір жеке жағдай үшін бекітетін тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қолдаухаты бойынша білікті қызметкерлер (мамандар) қатарынан ҚР азаматтарына Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат етілді;
  • Денсаулық сақтау мекемелерінің растау құжаттарын ұсынған кезде қазақстандық мамандандырылған емдеу мекемелерінде емделу үшін шетелдіктерге (азаматтығы жоқ адамдарға) Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілді;
  • Шетел оқу орнының растау құжаттарын ұсынған кезде шет мемлекеттердің аумағындағы оқу орындарында оқып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасынан шығуға, сондай-ақ оларға оқу визаларын ұзарту, студенттік ID-ресімдеу, емтихандар (тестілер) тапсыру мақсатында Қазақстаннан шетелге шығуға рұқсат етілді.

Дереккөз: ҰҚК

Ары қарай оқу


Кнопка домой
Бөлісіңіз