Карантиндегі Рамазан

Карантиндегі Рамазан
505 қаралу саны

Биыл Рамазан айында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өзгерістер болады. Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚМДБ бекіткен Ораза ұстау ережелерін де біліп жүрейік.

Карантин уақытында Рамазан айында қандай өзгерістер болады?

Біріншіден, короновирустың салдарынан Қазақстан мешіттерінде тарауих намазы оқылмайды.

Екіншіден, карантин уақытында ауызашар мешітте берілмейді және ұйымдастыруға тыйым салынды.

Үшіншіден, еліміздегі төтенше жағдайды ескеріп, денсаулыққа маңызды болған соң антисептик құрамында спирт болса да оразаны бұзбайды. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтанда өткен брифингте айтты.

Төртіншіден, биылғы жылы пітір садақа бір адамға 370 теңге мөлшерінде белгіленді. Оны әдеттегідей мешітте емес, Kaspi.kz немесе Halyk Bank қосымшасымен төлеуге болады. Ол үшін мобильді қосымшаны жүктеп, төлемдер бөлімін басу қажет. Төмендегі видеода қалай төлеу керектігі көрсетілген:

Фото дереккөзі: Depositphotos

Кнопка домой
Бөлісіңіз