Карантиндегілерді «Smart Astana» бақылайды

153 қаралу саны

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова цифрлық құралдар арқылы үй карантинінде отырғандарды бақылау тәсілдерін айтып берді.

Дереккөз сілтемесі: 24.kz

«Smart Astana» мобильді қосымшасы қосымша үй карантиніндегі адамдардың геолокациясын анықтауға, географиялық орнының өзгергенін бақылауға мүмкіндік береді. Ол үшін қолданушы «Мен карантиндемін» деген функцияны қосу керек. Тіпті, қолданушы ұялы телефонын қалдырып, алысқа ұзап шығып кетсе де, қосымша дабыл қағып, ситуациялық орталыққа хабар береді» деді әкім орынбасары онлайн-брифингте. Мәлика Бектұрованың  мәлімдеуінше, бұл жоба әлемнің 15-ке жуық елдерінде табысты жүзеге асырылған және Қазақстанда да тестілеуден өткен.

«Біз әкімдікпен бірлесе жұмыс істедік және коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды бақылауды күшейттік. Бұл қосымша арқылы тұрғындардың бас санитар талабын ұстанғанын біле аламыз. Өзге елдердің тәжірибесін зерттегенде Оңтүстік Корея, Сингапурдың мониторинг арқылы вирусты таратпай ұстап тұрғанын анықтадық.  Осындай жолмен ғана коронавирус инфекциясының тарауына жол бермейміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айтқандай, ең тиімді емдеу жолы – оқшаулану» деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

Қосымша мақұлданған соң карантиндегі тұрғындардың барлығына жүктеу міндеттеледі. ҚР Президентінің кеңесшісі Бағдат Мусиннің айтуынша, IT жобаны отандық мамандар әзірлеген және ондағы жеке деректер толық қорғауға алынған.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз