Карантинді жеңілдету шаралары енгізілмейді

80 қаралу саны

Ведомствоаралық комиссия шешімінен кейін карантинді жеңілдету болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін карантинді жеңілдету немесе қатаңдату мүмкіндігі туралы сұралды.

«Осы кезеңде жеңілдету шаралары болмайды. Бүгін айтылғандай, әуе сапары мен шекарадан өтуге қатысты жекелеген шаралар көрсетіледі» деді А. Цой.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қазаннан бастап әуе қатынасы жаңартылған барлық елдерге әуе қатынасын тоқтату және рейс санын көбейтпеу, Түркияға ұшатын рейс санын азайту туралы шешім қабылданды.

Бөлісіңіз