Кейбір Қытай БАҚ-тарының Қазақстандағы жаңа пневмония туралы ақпараты шындыққа сәйкес келмейді

230 қаралу саны

Кейбір Қытай БАҚ-тарында  Қазақстанда  коронавирусқа қарағанда   көп өлім  белгісіз пневмония  жағдайларынан болып жатыр   деген   ақпарат таралуда.    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі   бұл ақпарат ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНІН ресми түрде мәлімдейді. 

ДДСҰ  АХЖ-10 халықаралық  аурулардың жіктемесін,  оның ішінде пневмония үшін кодтар енгізгенін  атап өткен жөн,   егер   КВИ  клиникалық немесе эпидемиологиялық тұрғыдан диагностикаланған жағдайда,  мысалы «матового стекла» синдромы,  яғни,  өкпенің  қабынуы  диагностикаланған, бірақ  зертханалық зерттеуде  расталмаған жағдайлар.

Қазақстан осыған байланысты   әлемнің басқа елдері  сияқты     осындай  пневмонияны есепке алу және мониторингтеу  жұмыстарын жүргізуде, бұл   сырқаттанушылықты және  коронавирустық инфекцияның  таралуын тұрақтандыруға бағытталған  басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

 9 шілдеде  Денсаулық сақтау министрі   А. Цой  елдегі  пневмония саны туралы  айтты, жалпы алғанда,  бактериялық,  грибокты, вирусты  түрлері, соның ішінде  АХЖ-10 жіктемесіне сәйкес  «вирусты пневмония, этиологиясы  анықталмаған пневмония» бар екенін атап өтті.

Осылайша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі   Қазақстан   Қытай БАҚ-тарының   ақпараты  ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНІН  тағы да мәлімдейді.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Бөлісіңіз