Кеш қартаю концепциясы және вакцинация

Қазір екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туған «Бэби-бумер» ұрпағы зейнетке шықты.
317 қаралу саны

Қазір екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туған «Бэби-бумер» ұрпағы зейнетке шықты. Бізде дәл қазір қиындау шығар, бірақ өркениетті елдерде бақытты кәрілік идеологиясы баяғыда іске асты. АҚШ пен кәрі құрлықта 60 жастан асқандар – бақытты өмір сүрушілер тізімінің ең басында. Кеш қартаю концепциясын қолға алған мемлекеттерде адам өмірін ұзартудың тұтас индустриясы жұмыс істеп тұр. Жасы ұлғайған адамдарға белсенді және салауатты өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған.

Әрине, бізді олармен салыстыру әлі ерте. Дей тұра, дәл қазір адамдардың өмір сүру жасы ұзарғаны анық байқалады. Жалпы адамның өмір сүру ресурсы 147 жыл екенін ғалымдар баяғыда дәлелдеп шыққан. Барлық бәле – өзімізден. Жеке адамдар да, мемлекет те әзірге ұзақ жасаудың негіздерін басшылыққа алуға енжарлығын қоймай отыр. Ең аяғы вакцинаға қарсы шығушылардың қарасы көбейіп кеткелі қаш-шан?! Ал, адамзат баласының өмір сүру мерзімі ең алдымен сол вакцинацияға байланысты ұзарғанына көп адам жете үңіле бермейтіні өкінішті!

Ал, біз солай ұйықтап отырғанда әлемдегі кейбір региондар қазір орташа есеппен 120 жыл өмір сүруге қол жеткізді. Сондықтан да барынша ұзақ жасау үшін мотивті күшейте түсетін кез келді. Талас жоқ, кімнің пешенесіне қанша өмір жазылғанын бір Жаратқан біледі. Бәріміздің басымыз – Алланың добы. Алайда, «Сақтансаң, сақтаймын» деген де сол Құдай. Осы сөзде ғажап құдірет күш жатыр.

Фото дереккөзі: The Guardian

Кнопка домой
Бөлісіңіз