Ketketket.kz не үшін құрылды

Коронавирус – адамдардың өзін-өзі оқшаулау тұрғысынан алғанда бұқараның шығармашылығын оятатын ерекше медиалық ынталандыру деп айтсақ артықтық болмас. Біз 2019 жылдың желтоқсан айында COVID-19-ды біршама ұмытыла бастаған індеттер болып табылатын күйдіргі және шошқа тұмауымен бір қатарда қабылдаған болсақ, ал қаңтар айында біз көз алдымызда жаңа тәртіптің стихиялы медиа феномені пайда болғанын байқай бастадық және ол бүкіләлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілерді дүр сілкіндіруге мүмкіндігі бар күш екенін білдік.

Осы тұрғыдан алғанда Ketketket.kz жобасы белгілі бір мағынада коронавирусты ең алдымен медиа ынталандыру деп түсінуге тырысатыны рас. Біздің авторлар командасы сайтта пандемия кезіндегі ерекше шығармашылық үлгілерді жинайды, жаңалықтар мен оқиғаларды баяндайды. Оның үстіне, мұның бәрі кейін зерттеу үшін таптырмас материал болатынына үміттенеді.

Біз шағын редакциямызда қайта құру мен жіктеу дереккөзі ретінде өзімізді қызықтыратын үш негізгі бағытты таңдап алдық:

Карантин – әлеуметтік шеңбер

Біз бұрын-соңды болмаған оқшау жағдайда адамдардың ойынан туған шығармашылық пен мазмұн үлгілерін зерттейміз және жинаймыз. Бізді әсіресе әзіл-қалжың, «Photoshop» ойындары, резонанстық ақпараттардың даму механикасын анықтауға көмектесетін челлендждер қызықтырады. Төмендегі белсенділік түрлері де әлеуметтік қызығушылық тудыратыны сөзсіз:

  • Челлендждер мен ойындар
  • Қайырымдылықтың стихиялық әрекеттері
  • Қоғамдық дискурс
  • Жеке және топтық қайшылықтар

Пікір білдіруші көшбасшылар

Біз үшін карантин кезіндегі ресми материалдар тасқынынан гөрі пандемия жаңа аудиторияға жетуге мүмкіндік болып табылады деп есептейтін медиа өкілдерінің ұтқыр сөздері мен жарияланымдары әлдеқайда маңыздырақ. Бұл бізге толыққанды бұқаралық ақпарат құралына айналудың ұмтылысындай көрінеді. Сондықтан да толық ақпарат жинау жолында бізді келесі әлеуметтік топтар ерекше қызықтырады:

  • Мықты медиалық салмағы бар ресми өкілдер
  • Блогерлер мен журналистер
  • Сарапшылар мен дәрігерлер
  • Telegram-арналар сияқты ұйымдық медиа бірліктер

Тамақтану және емдеу

Біз сайтта тәжірибелік мәні жоғары жаңалықтарды және толып жатқан әрқилы ақпараттарды қадағалаумен және жинайумен айналысамыз. Мұнсыз пандемияға қатысты қарапайым мәдениетті зерттеулеріміз толыққанды болмас еді. Материалдарды жинаудың негізгі көздері:

  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және оның СҚ-Фармация тәрізді құрылымдарының шешімдері
  • Аталмыш тақырыпқа заңнамалық бастамалар және қоғамдық дискурс
  • Қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары, әкімдіктер деңгейіндегі жергілікті атқарушы ұйымдардың белсенділігі
  • Қайырымдылық, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың іс-қимылдары
Кнопка домой
Бөлісіңіз