Көңілді көкке көтеретін ой

159 қаралу саны

Күн сайын адамға неше түрлі ой келеді. Ондаған ой келеді десем, өтірік. Жүздеген ой келеді. Дей тұра, солардың бәрі сенің көңіліңнен шығатын ойлар емес екенін салған жерден байқайсың. Егер көңіліңді көншітетін ой келсе, сен өзіңді дүниедегі ең бақытты адам сезінер едің.

Өзімізді көп жағдайда бақыттылардың қатарына қоса алмай жүргеніміздің басты кілтипаны сол көңілді көкке көтеретін ойдың жоқтығынан болар!

Дәл осы ой үйден шықпай жатқан менің көңілімді көтергенін несіне жасырайын?! Бұл – өзіңді ойлай білуге үйретудің қуанышы болар!

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз